ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі “Қайырымдылық - қадірлі іс” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырды
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі “Қайырымдылық - қадірлі іс” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырды

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қазіргі жағдайы баршаға белгілі. Халқымызда «тас түскен жеріне ауыр» деген қанатты сөз бар. Қандас бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға, қоғамға ортақ мәселе. Сонымен қатар, қиналған пендеге көмектесу – мұсылмандығымыздың айқын айғағы.

Осы мәселелерді жан-жақты ескере келе, облыс көлеміндегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігі және Зекет қорының ұйытқы болуымен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек  беру  бойынша “Қайырымдылық - қадірлі іс” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Осы қайырымдылық акциясы барысында қаржылай 1357000  (бір миллион үш жүз елу жеті мың) теңге жиналды. Мұнымен қатар, (400 кг ұн, 400 кг қант, 200 кг макарон, 44 құты май, 300 кг күріш, 500 кг картоп, 300 кг пияз, 20 кг 100 дана сабын өнімдері порошок, 20 кг шай,)  және 150 сөмке киім-кешек, 150 дана кілем т.б. өзге де заттарды арнайы екі көлікке тиелген қайырымдылық көруені Қарағанды облысына жіберілді.

Аталмыш шарада облыс имамы А.Керімбек сөз сөйлеп, елді бірлікке, ынтымаққа және сабырлыққа шақырды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұлықбек АлиакбарұлыҰлықбек Алиакбарұлы
10 лет назад 4237
2 комментария
О блоге